Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мыңнан астам азот тотығы толтырылған баллон тәркіленді

Ақтөбе облысында екі цистерна және мыңнан астам азот тотығы толтырылған баллон тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында есірткі қылмысына қарсы жүйелі түрде кешенді шаралар қабылдауда. Бұл жұмыс ел аумағында есірткі құралдарын өндіру мен таратудың алдын алуға, сондай-ақ олардың заңсыз айналымын анықтап, жолын кесуге бағытталған.

Аталған бағыттағы іс-шаралар барысында полиция қызметі есірткі заттарымен қатар, күшті әсер ететін заттардың да заңсыз айналымын шектеуге ерекше назар аударып отыр.

Мәселен, Ақтөбе облысында жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қойма аумағынан екі жүк цистернасы мен 1033 баллон азот тотығы (оксиді) тәркіленді. Белгілі болғандай, бұл заттар Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілген.

Еске сала кетейік, 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде көпшілік арасында "көңіл көтеретін газ" ретінде белгілі азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейтін заңнамалық түзетулер күшіне енді.

Полиция күшті әсер ететін заттарды заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттері шекарадан бастап соңғы тұтынушыға дейінгі барлық кезеңде қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді.

Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету — ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.

Аталған бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру