Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Резеңке пәтер" ЖПІШ: Абай облысында 72 құқық бұзушылық анықталды

Абай облысында бір тәулікте тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тұру қағидаларын бұзған 72 адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18-21 ақпан аралығында Абай облысында "Резеңке пәтер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың тұрғылықты жері мен нақты тұрған мекенжайы бойынша тіркелуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету, сондай-ақ жалған тіркеу жағдайларын анықтау және олардың алдын алу.

Іс-шара аясында көші-қон қызметі мен криминалдық полиция қызметкерлері бірлесіп тұрғын үй секторларында тексерулер жүргізуде. Сонымен қатар тіркеу туралы хабарламаларды орналастырған тұлғаларды анықтау мақсатында онлайн платформаларға жүйелі мониторинг жүргізіліп жатыр.

Абай облысында бір тәулікте жүргізілген тексеру нәтижелері мынадай:

– тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тұру қағидаларын бұзған 72 адам анықталды;

– жеке басты куәландыратын құжатсыз немесе тіркеусіз тұрған 62 адам тіркелді;

– Қазақстан Республикасының азаматтарының бір айдан астам мерзімде жарамсыз немесе жоқ жеке куәлікпен, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрған 7 адам анықталды.

Бұл іс-шараның маңызы – тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға сәйкес тіркелу тәртібін сақтауын қадағалау. Сонымен қатар "резеңке пәтерлердің" анықталуы тұрғын үй нарығындағы жалған тіркеулер мен заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру