Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмағандар үшін жауапкершілік бар екендігін айтты

Павлодарда полицейлер қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмағандар үшін жауапкершілік қарастырылғандығын түсіндірді , - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда "Заң және тәртіп"" акциясы аясында №4 арнайы мектеп-интернатында полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар полицияның ерекше бақылауында. Ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап туындайды. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылық жасаған жағдайда, ең алдымен олардың ата-аналары жауапкершілік субъектілері болып табылады. Сондай-ақ екі және одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер полиция есебіне қойылатынын атап өткен жөн, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полициясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Анар Конкаева.

Бұдан әрі спикер кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша статистиканы келтірді. Атап айтқанда ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу және заңмен тыйым салынған жерлерде темекі шегу, оның ішінде вейп пайдалану деректері болған.

Талқылау барысында құқық бұзушылық түрлері мен олар үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ жиі кездесетін жағдайлар мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Қатысушылар құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін және кедергі келтіретін факторларды да талқылады.

Спикер өз сөзінде өзара құрметтің, қолдаудың және жауапкершіліктің маңыздылығына — қатарластар арасындағы салауатты қарым-қатынастың негізі екеніне ерекше тоқталды. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар теріс құбылыстардан ең тиімді қорғаныс әрбір азамат заңды сақтайтын қоғамда ғана мүмкін деген ортақ пікірге келді. Дәл осындай ортада тәртіп, әділдік және лайықты өмір сүру үшін жағдай жасалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру