Түркістан облысында полицейлер тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратты
Түркістан облысында полицейлер тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақ аудандық полиция инспекторлары Жанерке Жұматова мен Айжан Манапова бірлесіп профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара Жібек жолы көшесінің бойында ұйымдастырылып, 9 сағат бойы үздіксіз өткізілді.
Шара барысында тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылық үшін қарастырылған жауапкершілік шаралары, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған азаматтардың қайда және қалай жүгінуі керектігі жөнінде жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар 160 дана ақпараттық брошюра таратылды. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға қолданыстағы заңнама аясында толық әрі нақты жауаптар берілді.
