Павлодарда жедел уәкілдер іздеуде жүрген 15 қылмыскерді қолға түсірді
Павлодарда жедел уәкілдер іздеуде жүрген 15 қылмыскерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар облысының жедел қызметкерлері әртүрлі қылмыстарға қатысты тергеу органдарынан жасырынған қылмыскерлердің орнын анықтады.
– Олардың ішінде тонау, ұрлық, зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғалары, көлік ұрлығы және есірткі қылмыстары бойынша іздеуде жүргендер бар. Мысалы, жол-көлік оқиғасын жасап, туған елінде қаржыны жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Іздеуді бастаған Душанбеден келген әріптестеріне хабар берілді, – деді Павлодар облысы полиция департаментiнің қызметкерлері.
Полиция қашқындар әділеттен жасырынуға әрекет еткенімен, тіпті шетелде жасырынса да, жасаған әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтылмайтынын еске салады. Заң – бәріне ортақ.
