Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбедегі жас сақшылар халықаралық байқауда жүлделі болды

Ақтөбедегі жас сақшылар халықаралық байқауда жүлделі болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектептің Ә. Молдағұлова атындағы "Жас сақшы" сыныбы халықаралық "ART FESTIVAL–2026" байқауында хор жанры бойынша өнер көрсетіп, Бас жүлдені иеленді.

Нәтижесінде жас сақшылар Түркия Республикасының Стамбул қаласында өтетін "ART FESTIVAL–2026" халықаралық кезеңіне жолдама алды.

Сақшылардың бұл жетістігі жүйелі дайындықтың, табандылықтың және темірдей тәртіптің нәтижесі. Жас сақшылар сахнада тек өнер көрсетіп қана қоймай, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің нақты үлгісін көрсетті.

Осындай табыстар – өзге жас сақшыларға серпін беретін жарқын мысал. Биік белестерге жету үшін үздіксіз еңбек, тәртіп пен мақсатқа адалдық қажет. Әр жас сақшы өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, алға ұмтылса – кез келген асуды бағындыра алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру