Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда оқушыларға цифрлық қауіпсіздік бойынша сабақ ұйымдастырылды

Жетісу облысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының полиция қызметкерлері № 125 "International High School" жекеменшік мектебінің оқушыларына цифрлық қауіпсіздік бойынша сабақ өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесудің тақырыбы – қазіргі заманның өзекті қауіптерінің бірі — дропперлік болды.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында интернет-алаяқтық барған сайын күрделене түсуде. Бүгінде қылмыстық схемалар көбіне "оңай табыс" пен "жылдам ақша" уәде ететін қарапайым қосымша жұмыс ретінде бүркемеленеді. Алайда жеңіл табыс туралы уәделердің артында көбінесе ауыр құқықтық салдар жасырынып жатады.

Ерекше алаңдататыны – мұндай схемаларға көбіне жасөспірімдер мен студенттердің тартылуы. Қосымша табыс іздеген жастар қауіптің деңгейін әрдайым толық түсіне бермейді. "Тәжірибесіз-ақ оңай ақша" туралы хабарландырулар әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және тіпті таныстар арқылы кеңінен таралуда.

Полиция қызметкерлері оқушыларға банк картасы бойынша жүргізілген барлық операцияларға оның иесі , аударымды нақты кім жасағанына қарамастан жауапты екенің жан-жақты түсіндірді.

- Өз картасын басқаға беру арқылы адам жай ғана пластикті емес, заң алдындағы жауапкершілігін де тапсырады. Мұндай схемаларға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғуы және жас адамның болашағына елеулі әсер етуі мүмкін екенін түсіну маңызды, — деп атап өтті басқарма қызметкерлері.

Кездесу барысында оқушыларға киберқылмыстардың нақты мысалдары, құқыққа қайшы схемаларға тарту тәсілдері және алаяқтардан қорғану жолдары туралы айтылды. Сонымен қатар цифрлық кеңістікте әрекет ету кезінде құқықтық сауаттылық пен сыни ойлауды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру