Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полициясы гарнизондық жиын өткізді

Көліктегі полиция департаментінде гарнизондық саптық байқау өткізіліп, онда полицейлердің қызметтің күшейтілген тәртіпте атқару кезеңінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығы тексерілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер барлық командаларды саптық жарғыға сәйкес орындады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Құрмет Мәжікенов тәртіп сақшыларының сыртқы келбетін, нысанды киімдерінің жай-күйін, жетондары мен төсбелгілерінің болуын, сондай-ақ қызметтік куәліктерінің талаптарға сәйкестігін тексерді. Жеке құрамның саптық даярлығына ерекше назар аударылды.

Өткізілген тексеру полицейлердің қызмет атқаруға толық дайын екенін көрсетті.

— Қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің қызметіміздің тиімділігін айқындайтын негізгі көрсеткіш. Осыған сәйкес, жеке құрам өзіне жүктелген міндеттерді кәсібилікпен жүзеге асырып, нәтижелі әрекет етуге міндетті, — деді Қ. Мәжікенов жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде.

Ол сондай-ақ әрбір қызметкерден тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауды талап етті.

Көлік полицейлері саптық дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетіп, іс-шараны салтанатты шерумен аяқтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру