Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді

Елордада Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының №5573 әскери бөлімінің аумағында ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Мұрат Қабденов пен Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың қатысуымен жалпы гарнизондық саптық жиын өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Жылы мезгілдің басталуымен жол қозғалысына қатысушылардың ең осал санаттарына — балалар мен мектеп оқушыларына, сондай-ақ мопед пен электр самокат пайдаланушыларына басымдық берілді. Сонымен қатар 1 шілдеден бастап күшіне енетін заңнамадағы өзгерістер айтылды.

Жыл басынан бері елордада 294 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның 45-і электр самокаттардың қатысуымен болған. Алдағы демалыс күндері қарсаңында адамдар көп жиналатын орындарда, оның ішінде сауда-ойын-сауық орталықтарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Іс-шара аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қорғау тиімділігін арттыру мәселелері де қаралды.

Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын, қоғамдық тәртіпті және жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру