Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 300-ге жуық студент қатысқан құқықтық қауіпсіздік конференциясы өтті

Атырауда 300-ге жуық студент қатысқан құқықтық қауіпсіздік конференциясы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы — саналы әрі жауапты жастардың қолында. Заңды құрметтеп, тәртіпті ту еткен жас буын ғана елдің берік іргетасын қалыптастыра алады.

Осы мақсатта Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде "Жас ұрпақ көзқарасымен: Заң мен тәртіптің болашағы" атты тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Іс-шараға Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мен прокуратура өкілдері қатысты.

Конференция барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың түрлеріне тоқталды. Атап айтқанда интернет-алаяқтықтың кең таралу жолдары, азаматтарды алдау тәсілдері және одан сақтану амалдары түсіндірілді. Сондай-ақ, есірткі қылмыстарының қоғамға тигізетін зияны, оның жастар арасындағы қауіптілігі және заң алдындағы жауапкершілік нақты мысалдар арқылы баяндалды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккендерге көмек көрсету және құқықтық қорғану жолдары да назардан тыс қалмады.

Спикерлер жастарға тек құқық бұзушылықтың салдарын айтып қана қоймай, әр азаматтың қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы жеке жауапкершілігін ерекше атап өтті. Жиында жастар мен тәртіп сақшылары арасындағы өзара сенімді нығайту, заң талаптарын сақтау, цифрлық қауіпсіздік мәдениетін арттыру және құқықтық сауаттылықты дамыту мәселелері сөз болды.

Іс-шараға университеттің 300-ге жуық студенті қатысып, болашақ мамандар құқықтық тәртіптің маңызын терең түсінді. Полиция қызметкерлері жастарды заңды құрметтеуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғам қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру