Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда оқушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласындағы №22 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті,– деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Азамат Алмасбайұлы, Ербол Алтынбайұлы, Еламан Әлібекұлы және Қазбек Жабайқалиұлы қатысты. Жалпы кездесуде 120 оқушы қамтылды.

Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, интернет-алаяқтықтан қорғану, сондай-ақ есірткі заттарының зияны мен оның салдары туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қатысушыларға тақырыпқа қатысты бейнематериалдар көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Кездесу соңында тәртіп сақшылары жасөспірімдерді заң талаптарын сақтауға шақырып, құқық бұзушылықтың алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру