Жамбыл облысында полиция аудан тұрғынының жоғалған 24 жылқысын тауып берді
Жамбыл облысында полиция аудан тұрғынының жоғалған 24 жылқысын тауып берді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысында полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде жоғалған мал қысқа мерзімде табылды.
Осы жылдың 9 сәуірінен 10 сәуірге қараған түні Жамбыл ауданы аумағында аудан тұрғынына тиесілі жылқылар жайылымда қараусыз қалып, жоғалып кеткен.
Аталған дерек бойынша тез арада полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, барлық қажетті күштер мен құралдар жұмылдырды.
Жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде Т.Рысқұлов ауданына қарасты тау бөктерінен жоғалған 24 бас жылқы бір тәулікке жетпей табылып, иесіне қайтарылды. Полицейлердің кәсіби іс-қимылының арқасында малдың ұрланып кетуіне жол берілмеді.
Өз кезегінде, азамат полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен жауапкершілігі үшін шынайы алғысын білдірді.
Полиция азаматтарды малды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
