“Жолда қабылдау”: Қызылорда облысында полиция профилактикалық акция өткізді
Қызылорда облысында департаменттің профилактикалық және әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен “КазАвтоЖол” және көлік прокуратурасымен бірлесіп, өңір аумағынан өтетін республикалық маңызы бар автожолда “Жолда қабылдау”профилактикалық акциясы ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған акцияның мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүру мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында 200-ден астам жүргізушіге профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы ережелері бойынша арнайы жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, жүргізушілерге сәтті жол тілеп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
— Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Мұндай профилактикалық шаралар жүргізушілердің тәртібін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді. Біз алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз, – деп атап өтті әкімшілік полиция қызметі басқармасының бастығы Мұратбек Манатов.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
