ШҚО-да тұрғындарға бет-әлпетті жабуға қатысты заң талаптары түсіндірілді
ШҚО-да қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын киім киюге тыйым салу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жоспарлы профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын киім киюге қатысты заңнама талаптарын ескертуде.
Бет-әлпеттің ашық болуы бейнебақылау жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл полиция қызметкерлеріне тіркелген оқиғаларға жедел әрекет етуге және құқық бұзушылықтарды "ізін суытпай" ашуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар заңнамада бет-әлпетті жабуға рұқсат етілетін ерекше жағдайлар нақты көрсетілген:
• қызметтік міндеттерді атқару кезінде (арнайы киім үлгісіндегі дәрігерлер, құрылысшылар, арнайы қызмет өкілдері);
• медициналық көрсеткіштер бойынша (бетперде тағу);
• қолайсыз ауа райы жағдайларында (қатты аяз, шаңды дауыл);
• спорттық жарыстар немесе мәдени-бұқаралық мерекелер кезінде.

Полиция қызметкерлері сауда орталықтарында, базарларда және халық көп жиналатын демалыс орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратты.
Полицияның бұл талаптар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеметінін айтты. Керісінше, бұл шаралар – елдегі тыныштықты сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам.
