Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қауіпсіздік күзетіндегі тәртіп сақшысы – Буча

Атырау облысы полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығында Буча есімді қызметтік ит жарылғыш заттарды іздеу бағытында жоғары кәсібилігімен ерекшеленеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның сезімтал иіс түйсігі мен зеректігі түрлі қауіптің алдын алуда маңызды рөл атқарып келеді. Өз баптаушысы, полиция қызметкері Рақымжан Ерболатпен бірге ол күн сайын маңызды нысандар мен қоғамдық орындарды тексеріп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бучаның қызметі аса жауапты әрі дәлдікті талап етеді. Күдікті затты анықтаған сәтте ол артық қимылға бармай, үрмей, арнайы белгі беру арқылы өз міндетін мінсіз орындайды. Бұл — оның кәсіби дайындығы мен жоғары тәртіпке бағынғанының айқын көрінісі.

Адам мен ит арасындағы үйлесімді байланыс пен өзара сенім – қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі. Осындай үйлесімнің нәтижесінде Буча бүгінде өңір тыныштығын күзетуде сенімді серікке айналды.

Қауіпсіздік шебінде қызмет етіп жүрген Буча – Атырау полициясының мақтанышы әрі қоғам тыныштығын қорғаудағы айрықша үлгі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру