Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда оқушыларға есірткінің зияны түсіндіріліп, қызметтік иттердің жұмысы таныстырылды

Таразда оқушыларға есірткінің зияны түсіндіріліп, қызметтік иттердің жұмысы таныстырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен Тараз қаласындағы "Бүркітәлі" мектебінде "Оқушылар есірткіге қарсы" тақырыбында профилактикалық дәріс пен акция өтті.

Іс-шараға Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.

Кездесу барысында мамандар оқушыларға есірткі заттарының зияны мен оны қолданудың ауыр салдары туралы жан-жақты түсіндіріп, денсаулыққа тигізер кері әсеріне ерекше тоқталды.

Жасөспірімдердің өз денсаулығына саналы әрі жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мәселесіне айрықша назар аударылды. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану, спортпен және шығармашылықпен айналысу, сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолдануға алып келетін қауіп факторларынан аулақ болу жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Іс-шара барысында кинолог мамандар мен қызметтік иттердің көрсетілімдері қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Демонстрация кезінде мамандар тыйым салынған заттарды анықтау тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, оқушыларға құқық қорғау органдары қызметінің қыр-сырын жақыннан танып-білуге мүмкіндік берді.

Аталған шара жастар арасында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарас қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі болды.

Акция соңында оқушылар қызметтік иттермен естелік суретке түсіп, шарадан жағымды әсер алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру