Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда оқушыларға ашық есік күні өтті

Жезқазған қаласы полиция басқармасында №22 мектеп оқушыларына арналған “Ашық есік күні” өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында оқушылар полиция қызметінің күнделікті жұмысымен танысып, тәртіп сақшыларының қызмет ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.

Арнайы жасақ қызметкерлері жауынгерлік дайындық элементтерін көрсетіп, өз шеберліктерін паш етті. Оқушылар қаруды шашып-жинау үдерісін тамашалап, полиция қызметкерлерінің кәсібилігіне көз жеткізді.

Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайтып, олардың болашақ мамандық таңдауларына оң ықпал етеді.

Басты мақсат – қауіпсіз қоғам қалыптастыру және заңды құрметтейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру