Жетісу облысында полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дрондарды пайдалануда
Жетісу облысында полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дрондарды пайдалануда, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) белсенді түрде қолдануда. Заманауи технологиялар жерден анықтау қиын болатын құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері өңірде 900-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Бұл ретте бақылау мүмкіндігін кеңейтіп, қолжетімсіз аумақтарды қамтуға мүмкіндік беретін ұшқышсыз аппараттардың үлесі зор.
Дрондар әсіресе автожолдарда жоғары тиімділігін көрсетуде. Ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі — қарсы қозғалыс жолағына шығу. Полиция қызметкерлері осындай 47 деректі анықтады, оның 26-сы дрондардың көмегімен тіркелген.
Бұл жай ғана сандар емес — бұл алдын алынған жол-көлік оқиғалары мен сақталған адам өмірі.
Ұшқышсыз технологиялар жол жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға, құқық бұзушылықтарды жедел тіркеуге және жүргізушілердің тәртібін арттыруға мүмкіндік береді. Бақылаудың тек жерде ғана емес, әуеде де жүргізілетінін түсіну — құқық бұзушылар үшін маңызды тежеу факторы.
Полицияның айтуынша, дрондарды енгізу — заманауи сын-қатерлерге жауап әрі құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді құралы.
— Кейде барлық жағдайды жерден көру мүмкін емес. Дрондар көзге бірден байқала бермейтін құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектеседі. Бұл бізге жедел әрі дәл әрекет етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ведомство өкілдері.
Құқық қорғау органдары еске салады: жолдағы қауіпсіздік әрбір қатысушыға байланысты. Ал заманауи технологиялар бақылауды барынша объективті әрі бұлтартпас етеді.
