Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сақшылар қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алды

Павлодарда полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөлімінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлер — Мейрам Даулетов пен Қанат Сармантаевты еске алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеке құрам бір минут үнсіздікпен әріптестерінің ерлігі мен антына деген мызғымас адалдығына құрмет көрсетті.

– Заң мен тәртіпті қорғау жолында жанын қиғандардың ерлігі — бұл жай ғана тарих беті емес, әрқайсымыз үшін мәңгілік үлгі, – деп атап өтті Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Тимур Қаржаубаев.

– Біз, жас қызметкерлер үшін мұндай іс-шаралар тек дәстүр ғана емес. Мемориал алдында тұрып, полиция қызметі тек патруль мен есептен тұрмайтынын, ең алдымен адамдар алдындағы үлкен жауапкершілік екенін түсінемін. Мейрам Даулетов пен Қанат Сармантаевтың ерлігі бізге әрдайым антымызға адал болуды еске салады. Біз олардың ерлігінен үлгі алып, күнделікті қызметімізде сол сенімге лайық болуға тырысамыз, – деп атап өтті жас полиция қызметкерлері.

Мейрам Даулетов пен Қанат Сармантаевтың есімдері ішкі істер органдарының тарихында мәңгі сақталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру