Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында полицейлер жүргізушіге көмек көрсетті

Маңғыстау облысында полицейлер жүргізушіге көмек көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетібай – Шетпе республикалық тас жолының 130-шақырымында Маңғыстау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қызмет атқару барысында жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, оның қарсы бағытқа шығып кеткенін байқады.

Оқиға орнында жедел әрекет еткен Ербол Жалғасов пен Дәулет Балиев жүргізушіге дер кезінде көмек көрсетіп, көлікті қауіпсіз жағдайға келтіріп, жол қозғалысын қалпына келтірді.

Жүргізуші өз кезегінде көрсетілген көмек үшін тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын қатаң сақтауға және көлік құралдарының техникалық жағдайына ерекше назар аударуға шақырады. Өйткені, бұл жағдайды полиция қызметкерлері уақытылы байқамағанда, жүк көлігінің өзі немесе жанындағы автокөліктермен соқтығысып жол апаты орын алуы мүмкін еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру