Қарағандыда ұрлықтың бірнеше дерегі ашылды
Қарағандыда ұрлықтың бірнеше дерегі ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласында 54 жастағы жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болды. Оның жеке пайдаланудағы ұялы телефоны қолды болған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Ол жақын маңдағы ауылдардың бірінде тұратын 44 жастағы ер адам болып шықты.
Тергеу барысында күдікті тек ұялы телефонды ұрлағанын мойындап қана қоймай, бұған дейін белгісіз болып келген тағы бір қылмыс жасағанын мәлімдеді. Анықталғандай, ол қыс мезгілінде жеке тұрғын үйдің ауласына заңсыз кіріп, үш дана қымбат титан дискін ұрлап кеткен.
Полицейлер 29 жастағы жәбірленушінің жеке басын анықтап, іс бойынша дәлелдемелерді жинақтау жұмыстарын жалғастыруда.
Қазіргі уақытта аталған екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сонымен қатар күдіктінің өңір аумағында жасалған өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
