Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция жасөспірімнің заңсыз көлік басқару дерегін дер кезінде анықтады

Түркістан облысының полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген тұрақты мониторинг барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің автокөлік басқарған бейнежазбасын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел әрекет еткен полицейлер дереу тексеру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның Ордабасы ауданында болғанын анықтады. Бейнежазбадағы тұлғалар полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай, 15 жастағы жасөспірім үйде үлкендердің жоқтығын пайдаланып, атасына тиесілі ВАЗ автокөлігін рұқсатсыз айдап шыққан. Сонымен қатар көлік басқарған сәтін “TikTok” әлеуметтік желісіне жариялаған.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде жол қозғалысына төнуі мүмкін қауіптің алдын алу мүмкін болды. Автокөлік айыптұраққа қойылып, заң талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілі жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары тараптарға профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың көлік басқаруы адам өмірі мен жол қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретінін ескертті.

Түркістан облысында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру