Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қауіпсіз балалық шақ": Павлодарда жаңа мультжоба іске қосылды

Жазғы демалыс басталып, балалар көшеде, аулаларда және қоғамдық орындарда көбірек уақыт өткізе бастады. Осы кезеңде ата-аналар мен ересектер балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуы қажет, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәл қазір балаңызбен үлкен қауіптің алдын алатын қарапайым әңгімелер жүргізудің ең қолайлы уақыты. Балаларға жаз мезгіліндегі алтын ережелерді міндетті түрде қайталаңыздар:

бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, олармен бірге ешқайда кетпеу және ештеңе алмау;

жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және көшені тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өту;

ролик, самокат және велосипед тебу кезінде міндетті түрде шлем мен тізеқап кию;

су айдындарының маңында ойнамау және ата-ананың қарауынсыз суға түспеу.

- Ең бастысы — әрдайым байланыста болу. Бала қайда және кіммен жүргенін нақты айтып отыруы тиіс, - дейді Павлодар облысы полиция департаменті.

Жазғы демалыс жарқын әсерлер мен қуанышты сәттерге толы болып, ешқандай келеңсіз жағдайсыз өтуі үшін павлодарлық полицейлер блогер @n_anargul.creator-пен бірлесіп "Қауіпсіз балалық шақ" атты мультфильм жобасын іске қосты.

Жобаның мақсаты — балаларға жол қауіпсіздігін қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізіп, оларды жазатайым оқиғалардан қорғау.

Балаларыңызды қорғаңыздар! Балалардың қауіпсіздігі — полиция назарында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру