Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Баладан жеткен бейнехат: сотталған ата-аналар көз жасына ерік берді

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған аналар мен әкелерге балаларының арнайы дайындаған бейнеқұттықтаулары көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында ата-аналар экраннан өз балаларының жүзін көріп, олардың жүрекжарды тілектері мен сағынышқа толы сөздерін тыңдады. Балалардың шынайы ықыласы мен ата-аналарына деген сүйіспеншілігі ата-аналарға ерекше әсер қалдырды.

Мекеме психологтарының айтуынша, мұндай кездесулер мен бейнебайланыс форматындағы іс-шаралар сотталғандардың психоэмоционалдық жағдайына оң ықпал етіп, отбасы құндылықтарын сақтауға мүмкіндік береді.

Осындай тәрбиелік маңызы бар шаралар ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ сотталған азаматтарды түзелуге, заңға құрметпен қарауға және қоғамға қайта бейімделуге ынталандырады.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінде жүргізіліп жатқан тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар аясында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру