БҚО-да Мемлекеттік рәміздер күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды
БҚО-да Мемлекеттік рәміздер күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО-да полицейлер Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық жүгіру ұйымдастырды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Батыс Қазақстан облысының 300-ден астам полиция қызметкері қатысқан ауқымды жүгіру іс-шарасы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, патриоттық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын дәріптеу.
Шара барысында Мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі екендігі атап өтіліп, олардың ел тарихындағы және қоғам өміріндегі маңызына ерекше назар аударылды. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің нышаны, елдігіміздің айғағы!
