Ақтөбеде “Жолдағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
Ақтөбеде “Жолдағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
3–7 маусым аралығында Ақтөбе облысы аумағында “Жолдағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Республика көлемінде өткен кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алуды мақсат еткен ауқымды іс-шара кезінде өңірлік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 550 дерегін анықтады.
Бес күнде анықталып, жолы кесілген құқық бұзушылықтардың ішінде 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің мопед басқаруының 17 дерегі (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы), жол қозғалысына қатысушылардың жол жүру қағидаларының бұзуының 256 дерегі (ҚР ӘҚБтК 615-бабы), азаматтардың самокат пен велосипедті масаң күйде басқаруының 105 дерегі (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) бар.
Сонымен қатар айыппұл тұрағына 63 көлік құралы қойылды, оның ішінде 38 мопед бар.
Шара барысында полиция қызметкерлері балалар мен жасөспірімдерге, ата-аналар мен жүргізушілерге жол қозғалысы қағидаларын, қос дөңгелекті көлік құралдарын пайдалану мен басқару ережелерін түсіндіру бойынша кең ауқымды профилактикалық шаралар жүргізді.
