Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған заттарды алып өту әрекетінің жолы кесілді

Екібастұз қаласының ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде тыйым салынған заттарды алып өту әрекетінің жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ведомстволық бағынысты мекеме аумағына тыйым салынған электрондық құрылғыларды жеткізу әрекетінің жолын кесті.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ның кезекші бөліміне №47 мекемесінің бақылау-өткізу пунктінде болған оқиға туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жұмыстан қайтып келген сотталғанды жеке тінту барысында мекеме қызметкерлері жасырылған ұялы байланыс құралдарын анықтады.

Тыйым салынған заттар сөмкенің қалтасының ішіне жасырылған. Тінту барысында жұмысқа жарамды, бұғатталған күйдегі екі телефон және оларға орнатылған SIM-карталар тәркіленді.

Аталған құқық бұзушылық толықтай техникалық бақылау құралдарымен тіркелді. Мекеме әкімшілігінде үздіксіз бейнебақылау камераларының және тінту жүргізген қызметкерлердің жеке бейнетіркегіштерінің жазбалары бар.

Тәртіп бұзушы бұған дейін профилактикалық есепте тұрмаған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотталған дереу тәртіптік оқшаулау изоляторына (ТДИ) қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және ұялы телефондардың мекемеге жеткізілу арналарының анықталуына бағытталған қызметтік тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру