Қауіпсіз жол: Атырау полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуде
11-16 шілде аралығында республика көлемінде өтіп жатқан "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіріп, жылдамдық режимін бұзбауға, қауіпсіздік белдігін тағуға, мас күйінде көлік басқармауға және жаяу жүргіншілер өткелінен белгіленген тәртіппен өтуге шақыруда.
- Барша жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Әрбір азаматтың тәртіпке бағынуы – жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі, – деді патрульдік полиция батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары Өсер Жәңгірхан.
