Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда ІІО қызметкерлері арасында волейболдан ІІМ чемпионаты басталды

Петропавл қаласында ішкі істер органдары қызметкерлері арасында волейболдан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Солтүстік Қазақстан облысына еліміздің әр өңірінен 25 команда барды. Чемпионатқа барлығы 260 погонды спортшы қатысуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық мерекенің ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов, Қазақстан Республикасы ІІМ "ARLAN" спорт клубының басшысы Шоқан Жүзенов, Петропавл қаласының құрметті азаматы Бауыржан Құлжанов, ішкі істер органдарының ардагерлері және спорт сүйер қауым қатысты.

– Бұқаралық спортты дамыту – ұлт денсаулығын нығайтудың және салауатты қоғам қалыптастырудың маңызды шарты, – деп атап өтті Абай Жүсіпов өз сөзінде.

Ол ішкі істер органдары қызметкерлері үшін дене дайындығы, төзімділік пен психологиялық мықтылық күнделікті қызметтің ажырамас бөлігі екенін ерекше атап өтті.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін мәдени-спорттық бағдарлама ұйымдастырылып, концерттік нөмірлер ұсынылды. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының жас спортшылары көрермендерге өздерінің қойылымдарын тарту етті.

Алдағы апта бойы командалар үздік атану үшін өзара бақ сынайды. Чемпионат қорытындысы бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру