Қызылорда облысында есептегі сотталғандар ұлттық спорттан бақ сынады
Қызылорда облысында пробация есебіндегі сотталғандар арасында ұлттық спорттан жарыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар арасында "Ұлттық спорт – ұлт рухы" атты спорттық жарыс өтті.
Іс-шара Қызылорда облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қызылорда қаласының прокуратурасы, пробация қызметі, дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі және қалалық жастар орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ зиянды әдеттер мен есірткінің алдын алу.
Іс-шараны ашылуында ұйымдастырушы мекемелердің өкілдері сөз сөйлеп, мұндай спорттық жарыстардың қоғамда салауатты өмір салтын насихаттаудағы, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі және азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етудегі маңызын атап өтіп, барлық қатысушыға сәттілік тіледі.
Шара барысында қатысушылар гір тасын көтеру, қол күрес және асық ату сайыстары бойынша өзара бақ сынасты. Барлық қатысушы жоғары белсенділік танытып, өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша әр спорт түрінен үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарға арнайы дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар барлық қатысушыға аталған сайыста белсенділік танысқаны үшін алғыс хаттар берілді.
