Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында есірткі тасымалының жолы кесілді: 38 келі марихуана тәркіленді

Ұлытау облысында есірткі заттарын заңсыз айналымға жеткізудің өңіраралық арнасының жолы кесілді. Бұл жұмыс "Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен өңір тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде жалпы салмағы 38 келі марихуана тәркіленді. Сонымен қатар қос ұңғылы мылтық пен оқ-дәрілер табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша есірткі заттары заңсыз айналымға енгізу мақсатында еліміздің оңтүстік өңірлерінен Ұлытау облысына жеткізілген.

— Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында есірткінің жеткізілу көзі, тасымалдау жолы және қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталады, — деп атап өтті Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ербол Қайрбеков.

Полиция есірткі заттарын заңсыз жеткізу және өткізу арналарының жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру