Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында мас күйде мотоцикл тізгіндеген азамат ұсталды

Абай облысында полицейлер Семей қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген жүргізушінің жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға сағат 21:30 шамасында болған. Полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген RECER мотоцикл жүргізушісін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік тізгінінде отырған 40 жастағы азаматтың масаң күйде болғаны анықталды.

Яғни жүргізуші бірден бірнеше талапты елемеген: мотоцикл мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қозғалған, ал оның өзі алкогольдік масаң күйде көлік басқарған.

Бұл – жол ережесін жай ғана бұзу емес. Масаң күйдегі жүргізушінің рөлге отыруы – жолдағы әрбір адамның өмірі мен қауіпсіздігіне төнген нақты қауіп.

Полицейлер жүргізушіні жол қозғалысынан шеттетіп, қажетті процессуалдық шараларды қабылдады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру