Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция ойын-сауық орындарында рейд жүргізді

Елордада полицейлер Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп, қаладағы ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейд барысында есірткі құралдарына жатпайтын күшті әсер ететін заттарды, оның ішінде "күлкі газы" деп аталатын азот тотығын заңсыз сатуға жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарын тексеріп, әкімшілік өкілдерімен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, заң талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ мекеме өкілдеріне күшті әсер ететін заттарды заңсыз сатқаны үшін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ақпарат жеткізілді.

Профилактикалық жұмыс аясында ойын-сауық орындарының әкімшілігіне құқықтық салдарлар түсіндірілген және осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі ұсынымдар қамтылған ақпараттық буклеттер табысталды.

Рейдтік іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, кәсіпкерлік нысандары өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және азот тотығының таралуына жол бермеуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру