Заң мен тәртіп: Жетісу облысында полицейлер студенттермен профилактикалық кездесу өткізді
Жетісу олысында полицейлер студенттермен профилактикалық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылдық колледжінде полиция қызметкерлері студенттермен кездесіп, заң талаптарын сақтау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді.
Кездесу барысында полицейлер студенттерге заңнама талаптарын, құқық бұзушылық түрлері мен оларды жасағаны үшін көзделген жауапкершілік шараларын түсіндірді. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу және әрбір іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау қажеттігіне назар аударылды.
Студенттерге күнделікті өмірде ғана емес, интернет кеңістігінде де заң талаптарын сақтау қажеттігі айтылды.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Заң мен тәртіп – әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.
