"Таза Қазақстан" акциясы: Түркістан облысында мыңдаған полицей табиғат тазалығына үлес қосты
Түркістан облысында полицейлер табиғат тазалығына үлес қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев бастаған полицейлер Ащысай тау бөктеріндегі тазалық жұмыстарына қолдау білдіріп, қоршаған ортаны ретке келтірді.
Жалпы полиция қызметі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, қоғамға үлгі болуды да көздейді. Осы мақсатта облысқа қарасты 17 қалалық және аудандық полиция бөлімінің мыңдаған полицейі жаппай сенбілікке шықты. Олар қызметтік аумақтармен қатар, елдімекендердегі қоғамдық орындардың тазалығына үлес қосты.
Бұл шара Дүниежүзілік тазалық күніне орай "Таза Қазақстан" акциясы аясында облыстың барлық аумағында өткізілді.
