Шахтинскіде велосипед ұрлаған күдікті ұсталды
Шахтинскіде велосипед ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шахтинск қаласында тамыз айының соңында бірқатар велосипед ұрлығы тіркелді. Белгісіз адам төрт велосипед пен бірнеше велосипед отырғышын ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият зерделеп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Полицейлер ұрланған заттарды тәркіледі.
Тергеу барысында күдікті ұрланған мүлікті саяжай алқабына апарып, сатылғанға дейін сонда сақтағанын мойындады. Ақшасын алған соң Алматыға кетуді жоспарлаған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында полиция оның осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
