Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ заңсыз граффити салуға қарсы жұмысты күшейтті

"Таза Қазақстан" бағдарламасын іске асыру аясында ІІМ ғимараттар мен қоғамдық орындарды бүлдіру және граффитиді заңсыз салудың жолын кесу бойынша жұмысты күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы екі күнде республика бойынша 524 профилактикалық іс-шара өткізілді. Граффити салудың 2 300-ден астам фактісі анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша "Ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі мүлікті және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау" бабы бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Шымкент қаласында есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау фактісі бойынша бір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, полиция халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуде. Республика бойынша 1 200-ге жуық ақпараттық брошюра таратылып, азаматтармен 976 түсіндіру әңгімесі өткізілді.

Граффитиді заңсыз салудың жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда және Ішкі істер министрлігінің бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру