Жетісу облысында қоғамдық орынды ластаған ер адам ұсталды
Жетісу облысында қоғамдық орынды ластаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласында бейнебақылау камералары полиция қызметкерлеріне қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға көмектесуде.
Осындай деректердің бірі "Самал" шағынауданында тіркелді. 62 және 60 жастағы екі ер адам белгіленбеген жерде темекі шегіп, темекі тұқылдарын жерге тастаған.
Бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы құқық бұзушылардың жеке басы анықталды.
Полиция қызметкерлері аталған азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушылық болған аумақ тазартылды.
Бейнебақылау камералары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, құқық бұзушылықтарды тіркеуге және кінәлі тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді.
"Заң мен тәртіп" қағидаты әрқайсымыздан басталады. Қала тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның жауапкершілігі.
