Алматыда үздік полицейлерді анықтады
Алматы қаласы полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан іріктеу турнирі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарысқа 10 команда құрамында 95 қызметкер қатысты. Полицейлер 57 келіден 97 келіден жоғары салмақ дәрежесіне дейінгі сегіз салмақ санатында бақ сынады.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жарысқа қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері төрелік етті.
— Полиция қызметкері үшін дене дайындығы жай ғана спорттық көрсеткіш емес. Қызмет барысында төзімділік, шапшаң әрекет ету, тәртіп және күрделі жағдайда дұрыс шешім қабылдай білу маңызды. Мұндай жарыстар үздіктерді анықтап қана қоймай, жеке құрамның кәсіби даярлық деңгейін жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді, – деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.
Турнир қызметкерлердің дене дайындығын жетілдіруге және кәсіби даярлық деңгейін арттыруға бағытталған.
