Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда 250-ге жуық студенттің қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізілді

Жетісу университетінде "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында 250-ге жуық студенттің қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесудің негізгі тақырыптары – нашақорлық, лудомания, киберқауіптер және дропперлік.

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері прокуратура және облыстық наркология және психиатрия қызметінің өкілдерімен бірлесіп, студенттер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ерекше назар құқық бұзушылықтардың алдын алуға аударылды. Студенттерге интернет кеңістігінде сақ болу, келіп түскен ұсыныстарды мұқият тексеру және тіпті таныстарының өтініші бойынша да заңсыз әрекеттерге араласпау қажеттігі ескертілді.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың болашағына кері әсер етуі мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру