Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полиция мен кәсіпкерлер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Талдықорғанда полиция мен кәсіпкерлер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда полиция ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілерімен өзара іс-қимылды күшейтуде. Жұмыс кездесуі барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтар көп шоғырланатын демалыс орындарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылады.

Кәсіпкерлерге ойын-сауық орындарының ішінде және оған іргелес аумақта қоғамдық тәртіпті сақтау, бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, күзет қызметін тиісті деңгейде ұйымдастыру, сондай-ақ жанжалдар мен өзге де құқық бұзушылықтар туралы полицияға уақтылы хабарлау қажеттігі түсіндірілді.

Кездесуде профилактикалық жұмысқа ерекше назар аударылды. Негізгі міндет – орын алған оқиғаларға жедел ден қоюмен шектелмей, құқық бұзушылықтардың алдын алып, олардың орын алуына жол бермеу.

Кездесу қорытындысы бойынша полиция мен бизнес өкілдері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмысты жолға қоюды, ақпарат алмасуды және жедел өзара іс-қимылды көздейді.

Ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – полиция мен бизнес өкілдерінің ортақ жауапкершілігі. Полиция қоғамдық тәртіпті бақылауды жалғастырса, кәсіпкерлер келушілердің қауіпсіздігіне тиісті деңгейде жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Ортақ мақсат – тұрғындардың демалыс орындарында уақытын қауіпсіз әрі жайлы өткізуіне жағдай жасау, жанжалдар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру