Ақтөбе облысында абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтардың жолы кесілді
Ақтөбе облысында абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтардың жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласының аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері орман белдеуіне көлемді қоқыс төккен Газель автокөлігін анықтады.
29 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Заңсыз төгілген қоқыс толықтай тазартылды.
“Таза Қазақстан” бастамасы аясында полиция қоршаған ортаның тазалығын сақтау, абаттандыру қағидаларының бұзылуына жол бермеу және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы рейдтік жұмыстарды жалғастыруда.
Полиция тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға және абаттандыру қағидаларын сақтауға шақырады.
