Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда пәтер жалдаған әйел үй иесіне тиесілі жылытқышты алып кеткен

Қарағандыда пәтер жалдап тұрған 35 жастағы әйел үйден көшіп кетер кезде үй иесіне тиесілі электр жылытқышты да өзімен бірге алып кеткен. Бұл туралы полицияға 51 жастағы қала тұрғыны арызданған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үй иесінің айтуынша, жалға алушы пәтерден көшкеннен кейін жылытқыштың жоғалғаны белгілі болған. Бұрынғы жалға алушының қайда кеткенін білмеген әйел онымен бірнеше рет байланысуға тырысқан. Алайда қоңырауларына жауап бермей, хабарламаларын елемеген.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің жүрген жерін анықтады. Нәтижесінде электр жылытқыш тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру