Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада студенттер мен оқушылар полиция қызметімен жақынырақ танысты

Астана қаласы полиция департаменті "Полициядағы бір күн" атты ғылыми-практикалық семинар-тренинг аясында елордалық жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларына есігін айқара ашты. Жоба ҚР ІІМ Басқару академиясы мен Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі GIZ ұйымының бірлесуімен ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Ұлттық спорт университетінің, Astana IT University оқу орындарының студенттері, сондай-ақ "Жас сақшы" сыныптарының оқушылары қатысты.

Бағдарлама дәріс оқудан және полиция қызметі туралы бейнероликтер көрсетуден басталды. Кездесу барысында түрлі бөліністердің қызметкерлері, оның ішінде тергеушілер, адам өмірін құтқаруда ерлік көрсеткен және спортта жетістікке жеткен полицейлер сөз сөйледі. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызметтің ерекшеліктері, міндеттері және әрбір полиция қызметкеріне жүктелетін жауапкершілік туралы әңгімеледі.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен кинологиялық қызмет қызметкерлері арнайы қойылымдар барысында өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар криминалистер мен туристік полицияның жұмысымен танысып, арнайы техникалар мен ресми тұлғаларды алып жүруге арналған мотоциклдерді көрді.

Сонымен қатар құқық қорғау қызметінде қолданылатын заманауи технологияларға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға робот-иттің мүмкіндіктері, бейнебақылау жүйелерінің жұмысы және арнайы құралдар таныстырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – жастарға кәсіби бағдар беру, олардың ішкі істер органдарындағы қызметке деген қызығушылығын арттыру және полиция мамандығы туралы объективті түсінік қалыптастыру. Мұндай формат қатысушыларға полицияның түрлі бөліністердің қызметімен танысып қана қоймай, олардың жұмыс ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында жоғары оқу орындарының студенттеріне "Полициядағы бір күн" ғылыми-практикалық семинар-тренингіне қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру