Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында "Жолда қабылдау" акциясы өтті

Жетісу облысында "Жолда қабылдау" акциясы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкейдегі сауалға жауап алу, жол қозғалысы ережелерін түсіну және қажетті кеңеске жүгіну — артық әуре-сарсаңсыз әрі ұзақ күтусіз. Жетісу облысының тұрғындары "Жолда қабылдау" акциясының алғашқы күні осындай мүмкіндікке ие болды.

Бұл жолы кездесу онлайн форматта ұйымдастырылып, азаматтар мамандарға қашықтан жүгіне алды. Сонымен қатар жедел байланыс телефондары жұмыс істеді.

Бір күннің ішінде 350-ден астам сұрақ келіп түсті. Тұрғындарды көбіне көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жол қозғалысын ұйымдастыру, автокөліктерді қайта жабдықтау, айыппұлдарды төлеу және көлік құралдарын есептен шығару мәселелері қызықтырды. Сондай-ақ азаматтар құқық бұзушылықтарды тіркеу камераларының жұмысы, көліктердің техникалық жай-күйі, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану ережелері туралы сұрады.

Акцияның басты құндылығы — азаматтардың мамандарға тікелей жүгініп, қажетті түсіндірмені сол жерде алу мүмкіндігі.

Жетісу облысының полициясында мұндай бастамалар халықпен өзара байланысты ашық әрі қолжетімді етуге ықпал ететінін атап өтті. Өйткені әрбір өтініштің артында нақты жағдай тұр, ал азамат үшін түсінікті әрі уақтылы жауап алу маңызды.

"Жолда қабылдау" акциясы тұрақты негізде жалғасын табады. Оның басты мақсаты — халыққа жақын болу, құқықтық мәселелерді шешуге көмектесу және жолдарда қауіпсіздік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру