Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жалғасуда

Түркістан облысында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы бағытта Сайрам ауданының учаскелік полиция инспекторлары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Полицейлер қорғау нұсқамасы шығарылған 12 азаматтың, мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген 17 құқық бұзушының тұрғылықты мекенжайларына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

"Қауіпсіз үй" іс-шарасы аясында тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, отбасындағы жанжалдардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру