Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында профилактикалық сабақ өткізілді

Абай облысында жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында профилактикалық сабақ өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы Innovative College колледжінің 1–2 курсында білім алатын 120 студенттің қатысуымен Абай облысы gолиция департаменті tсірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қауіпсіздік сабағын өткізді.

Кездесу барысында жастарға заңсыз тарату жолдары, оны жасырын орындарға қойып кетушілердің әрекеттері және мұндай заңсыз іске тартылудың салдары туралы түсіндірілді.

Қазіргі уақытта есірткі таратушылар жастарды әлеуметтік желілер арқылы түрлі жалған ұсыныстармен қызықтырып, оңай табыс табуға уәде беруі мүмкін. Алайда сырттай қарағанда қарапайым жұмыс болып көрінетін мұндай ұсыныстардың артында қылмыстық жауапкершілік пен тағдырға әсер ететін ауыр салдар тұруы ықтимал.

Полиция қызметкерлері студенттерге күмәнді ұсыныстарды ажырату, бейтаныс адамдардың арбауына түспеу, заңсыз әрекеттерге қатысудан бас тарту және қауіп төнген жағдайда тиісті органдарға хабарлау қажеттігін жеткізді.

Сабақтың басты мақсаты — жастарға есірткі қылмысының қауіптілігін түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және саналы шешім қабылдауға үйрету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру