Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған мас жүргізуші ұсталды

Абай облысында жүргізуші куәлігінсіз трактор басқарған мас жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей – Курчатов автожолында патрульдік полиция қызметкерлері қауіпті жол жүру фактісінің жолын кесті: тракторды алкогольдік масаң күйдегі, көлік құралын басқару құқығы жоқ ер адам басқарған.

Шамамен сағат 21:00-де полиция қызметкерлерінің назарына тасжол бойымен қозғалып келе жатқан трактор іліккен. Көлік тоқтатылғаннан кейін жүргізуші өзімен бірге құжаттары жоқ екенін айтқан. Тексеру барысында оның көлік құралын басқару құқығы мүлде жоқ екені анықталды.

Трактор тізгінінде Жарма ауданының 42 жастағы тұрғыны Нұржан Кусманов болған. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын және масаңдықтың орташа дәрежесін растады.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 20 тәулік әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция ескертеді: кез келген техниканы мас күйде басқару жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру