Түркістан облысында бір тоннадан астам қоқыс төккен тұрғын жауапқа тартылды
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында белгіленбеген жерге бір тоннадан астам тұрмыстық қалдық тастаған тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушылық Ашыбұлақ ауылында тіркелді. Тексеру барысында тұрғынның тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленбеген орынға төккені белгілі болды. Осы дерек бойынша оған қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау қажеттігін еске салды.
Түркістан облысында полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
