Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция граффити салу және қала мүлкін бүлдіру фактілерін анықтап жатыр

Астана полициясы граффити салу және қала мүлкін бүлдіру фактілерін анықтауда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері вандализм фактілерін, соның ішінде ғимараттардың қасбеттеріне және қалалық инфрақұрылымның басқа да нысандарына граффити салу деректерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп келеді.

Жыл басынан бері елордада граффити салудың 18 фактісі, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымы туралы ақпарат қамтылған жазбалар мен суреттерді, яғни есірткіге қатысты граффитиді салудың 29 фактісі анықталды.

Әрбір анықталған факті бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданды. Есірткіге қатысты граффитилерді тарату деректері бойынша оған қатысы бар адамдарды анықтау және құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау бабы бойынша алты қылмыстық іс тіркелді.

Қоғамдық орындарға, ғимараттардың қасбеттеріне және осындай жазбалар қала тұрғындары мен қонақтарының көз алдында орналасқан басқа да нысандарға ерекше назар аударылады.

Полиция мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда. Қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау — баршамызға ортақ жауапкершілік. Ал қалалық мүлікті бүлдіру заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру